Шаблон:Вики-статья учащихся1

Материал из Intel® «Обучение для будущего»
Перейти к: навигация, поиск

Содержание

Жобаның тақырыбы

Білім беру ұйымдарында тәрбие берудің стратегиялық бағыттары

Жобаның атауы

"Там на неведомых дорожках..."

Авторлары:

Вергилёва Е А, Утегенова Б У

Негізін қалаушы сұрақ

Мен кіммін?

Зерттеу болжамы

Егер тәрбие жұмысын үйлестіруші тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесін қалыптастырудаың ғылыми-педагогикалық негіздері анықталып, мотивациялық, когнитивтік, әрекеттік компоненттерге сай моделі (үлгісі) және қазіргі талап деңгейіне орай мазмұны құрылса, оны жүзеге асыратын педагогикалық шарттарымен қамтамасыз етілсе, біліктілігін қалыптастыратын ғылыми-әдістемелік жұмыс түрлері жүргізілсе, онда білім беру ұйымдарындағы тәрбие саласымен айналысатын субъектілердің, яғни педагог мамандардың арасындағы үйлесімділік жүйесін қалыптастыру нәтижелі болады.

Зерттеу мақсаты

Тәрбие жүйесін қалыптастыруды ғылыми-педагогикалық тұрғыда негіздеу және мотивациялық, когнитивтік, әрекеттік компоненттерге сай моделін дайындау, ұсыну

Зерттеу нәтижелері

Тәрбие саласына қатысты ғылыми-әдістемелік еңбектерді зерделеу және өзіндік тұжырымдама жасау; Осы тақырып бойынша ақпараттық деректер базасын жинақтау; Тәрбие жүйесін қалыптастырудың мазмұны мен тиімді жолдарын анықтау; Тәрбие жүйесін қалыптастырудың деңгейін анықтау мақсатында бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар, жүргізу және эксперимент нәтижесін қорыту; Білім беру ұйымдарындағы тәрбие саласымен айналысатын педагог мамандардың кәсіби өсу деңгейінің моделін жасау және қорғау.


Қорытынды

Моделді тұжырымдау, қорғау

Қорытындысы бойынша алынған модельді білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсыну

Ресурстар

Жобада жасауда тәрбие саласын ежелгі ойшылдар: Сократ, Платон, Я.А.Коменский, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо, қазақ даласының ойшылдары: Әл-Фараби, М.Қашқари, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов. Ресей ғалымдары: А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, К.Ушинский, Н.И.Болдырев, В.С.Селиванов, В.А.Караковский, Н.Е. Щуркова, Л.И.Новикова, В.С.Кукушиннің еңбектеріндегі “тәрбие ұғымы”, “тәрбие теориясы”, “тәрбие жүйесі” ұғымдарына; Қазақстандық ғалымдар: С.Қалиев, К.Қожахметова, С.Әбенбаев, З.Әбілова, Д.Ф.Ақбердиева, Р.М.Қоянбаев, В.Хван, С.Ұзақбаеваның еңбектеріндегі “сыныптан тыс тәрбие”, “сынып жетекшісі”, “ұйымдастыру” ұғымдарына;

Нормативтік құжаттар: Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы,

Қосымша материалдар

Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуның басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы, Астана - Білім және министрлігінің №521 бұйрығы, 2009 жылғы 16 қараша. Мемлекет басшысының 1997 жылғы 11 қазандағы «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына Жолдауы, барлық қазақстандықтардың көркеюі, қауіпсіздігі және тұрмысын жақсарту; Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 10 наурыздағы №4-06-3/624 санды «Адами құндылықтар және оның адам өміріндегі рөлі» лекция жобасы Қазақстан Республикасында жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім концепциясы (жоба) //12 жылдық білім. 2006. № 12, 18-23б. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде. Алматы: Қазақстан, 1993. Макаренко А.С. Методика организации воспитательного процесса //Пед. соч. в. 8 т. - М., 1983. 246 с. Сухомлинский В.А. Методика воспитания коллектива. – М., 1981. – 323 с. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. – Алматы: Мектеп, 1980. – 223 б. Караковский В.С. Воспитательная система школы: педагогические идеи опыт формирования. – М., 1992. – 217 с. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1973. – 215 б. Қашқари. Түбі бір түркі тілі. – Алматы: Ана тілі, 1993. - 192 б. Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания. Собр. соч.: В 11 т. – М., 1958. – Т. 8.